Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында қарағандылық «Шахтер» ресейлік «Казанка» клубына жауапсыз бес гол соғып, жеңіске жетті.
Қарағандылықтар сапынан Павел Кривенцев дубль жасаса, Максим Галкин, Гидеон Баа және Ескендір Қыбырай бір-бір голдан соқты.
«Шахтер»: Щацкий, Наджарян, Буйволов, Граф, Баа (Свиридов), Қыбырай (Джозеф), Соломон Удо, Митошевич, Кривенцев (Павлов), Балашов (Тәттібаев), Галкин.
Аталған ойын «Шахтердің» оқу-жаттығу жиындарындағы соңғы матчы екенін де айта кеткеніміз жөн.
«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Казанка» (Мәскеу, Ресей) – 5:0
Голдар: Галкин, Баа, Қыбырай, Кривенцев (дубль).
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.