«Шахтер» мен «Қайсар» тең тарқасты

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
08:52
Новость
Футбол

Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында қарағандылық «Шахтер» қызылордалық «Қайсармен» кездесті. «Астана Аренада» өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Бір қызығы, ойындағы қос голды да алаң иелері соқты. 7-минутта қарағандылық клубтың шабуылшысы Виталий Балашов алғашқы голды соғып, командасын алға шығарды. Ал 81-минутта дәл осы «Шахтердің» футболшысы Евгений Павлов өз қақпасын дәл көздеп, командасын екі ұпайдан айырды.

Жетінші ұпайына ие болған Магомед Адиев шәкірттері турнирлік кестеде он бірінші орынға көтерілді. Алты ұпайы бар қызылордалық ұжым бір саты төмен тұр.

ҚПЛ. 9-тур. 

«Шахтер» – «Қайсар» – 1:1

Голдар: Виталий Балашов 7 – Евгений Павлов 81 (автогол)

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.