Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Шахтер» Армения құрамасының нигериялық ойыншысын қатарға қосты

Маргулан Жакып
22/02/2021
18:38
Новость
Футбол

Қарағандылық «Шахтер» клубы Армения құрамасының қаны нигериялық ойыншысы Соломон Удоны қатарға қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

25 жасар жартылай қорғаушы соңғы бес маусымды Армения чемпионатында өткізді. Соломон Нигерияда дүниеге келгенімен, Армения ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. Ұлттық құрамадағы дебюттік ойынын өткен жылы Эстония құрамасына қарсы өткізген. 

Клубтық деңгейде Удо «Арарат», «Урарту» және «Ширак» сынды тағы да басқа клубтарда доп тепкен. Жалпы клубтық мансабында 164 ойынға қатысып, 11 мәрте қақпа торын тулатса, 15 рет нәтижелі пас берген. Сонымен қатар 21 сары қағаз алып, бір мәрте алаңнан қуылған екен.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0