Үш қазақстандық балуан халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
11:22
Новость
Единоборства

Қазақстандық үш балуан Варшавада халықаралық турнирде жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. 

Бұл күндері Польшада еркін күрестен халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан сапынан үш спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Атап айтқанда, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрислам Санаев, 74 келіде Данияр Қайсанов пен 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуп Батырмурзаев қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.