Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Севара Нишанбаева: Жартылай финалда өз қателігімнен ұтылдым

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
11:00
Новость
Единоборства
Севара Нишанбаева: Жартылай финалда өз қателігімнен ұтылдым

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегері атанған Севара Нишанбаева Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді. 

«Азия чемпионаты ойдағыдай өтті. Жарысқа екіеші айналымда қосылғандықтан, үш кездесу өткіздім. Ширек финалда қырғызстандық дзюдошыны жеңіп, жартылай финалға шықтым. Жартылай финалда Қытай құрамасының спортшысы Тонгжуан Лумен кездестім. Финалдық жолдама сарапқа салынғандықтан ең қиын белдесуім болды. Бұл қарсыласыммен біз осы уақытқа дейін жарыстарда кездескенбіз, күрестеріміз бір-бірімізге таныс. Өкінішке қарай, мен жартылай финалда өз қателігімнен оған ұтылып қалдым. Одан кейін қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алдым. Жұбаныш финалында соңғы мүмкіндіктен мүлт кетпеу үшін қырғызстандық балуанды оңай ұттым», — дейді Севара. 

Айта кетерлігі, Севара Нишанбаева Азия чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шықты.


Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги: