Серікжан Мужиков Премьер-лигадағы 300 ойынын өткізді

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
14:47
Новость
Футбол
Серікжан Мужиков Премьер-лигадағы 300 ойынын өткізді

Қостанайлық «Тобылдың» 31 жасар жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков «Ақтөбеге» қарсы ойында (2:1) өзінің Премьер-лигадағы 300 матчын өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Серікжан Мужиков өзінің мансабын 2007 жылы талдықорғандық – «Жетісу-2» командасында бастаған. 2008-2013 жылдар аралығында «Жетісу» сапында Премьер-лигада 130 матч өткізіп 12 голдың авторы атанды. Ол алдықорғандық клуб сапындағы жоғарғы лигада ең көп ойын өткізген рекордшылардың қатарында.

Қазақстан құрамасының ойыншысы сонымен қатар «Қайсар» (17 матч) мен «Астана» (121 матч, 16 гол) сияқты ұжымдарда да доп тепкен.

Мужиков былтырғы маусымнан бастап «Тобыл» сапында өнер көрсетіп жүр. Бүгінгі күнге дейін қостанайлық команда сапында 32 рет алаңға шығып 3 рет мергендігімен танылған.

«Тобыл» ФК футболшысы Қазақстан Премьер-лигасында жалпы саны 300 матчқа қатысып 31 гол соққан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.