«Сарыарқаның» екі ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
12:57
Новость
Хоккей
«Сарыарқаның» екі ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды

Шайбалы хоккейден Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда деп жазады Olympic.kz. 

Бас команда сапына «Сарыарқа» клубының екі ойыншысы - Михаил Рахманов пен Александр Писарев қосылды. Ал бұған дейін шақырту алған Александр Борисевич пен Владислав Никулин Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде алған жарақаттарына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, хоккейден 2021 жылғы әлем біріншілігі Латвияның Рига қаласында 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Қазақстан командасы В тобында сынға түседі. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.