Рыбакина мен Кудерметова камбэк жасап, АҚШ-тағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Маргулан Жакып
14.10.2021
09:05
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан BNP Paribas Open WTA 1000 турнирі жұптық сынының ширек финалынан сүрінбей өтті.

Ресейлік Вероника Кудерметова мен Рыбакина 1 сағат 6 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, бір мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған алты брейкпойнттың төртеуін іске асырып, жартылай финалға жолдама алды.

Елена Рыбакина / Вероника Кудерметова (Қазақстан / Ресей) — Мария Боузкова / Луция Градецкая (Чехия) — 2:1 (1:6, 6:1, 10:3)

Осылайша Рыбакина мен Кудерметова жалпы жүлде қоры 8 761 725 долларды құрайтын турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді. Онда Людмила Киченок (Украина) пен Елена Остапенко (Латвия) жұбына қарсы тұрады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!