Руфина Чалкарова: «Тұғырға шығарда қобалжу да, қорқыныш та болды»

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
16:05
Новость
Другие

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатын екі алтын медальмен аяқтады. Қыздар арасында топ жарған қазақстандық Руфина Чалкарова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында ол нәтижесіне көңілі толатынын жеткізген. 

"Бұл менің осы деңгейдегі алғашқы халықаралық жарысым, сондықтан, әрине, қобалжу да, қорқыныш та болды. Спортшыларды таныстырып жатқан кезде бәрінің қалай болатынын білген жоқпын. Тұғырға шығу да қорқынышты болды және штанганы құлатып аламын ба деген қорқыныш та болды. Бірақ маған берілген тапсырманы толық орындап, осы нәтижеге қол жеткізгеніме шын қуаныштымын. Жаттықтырушыларым да мақтап "осылай жалғастыра бер!" деп құттықтады.  Бірінші болып мені әпкем Анжела Чалкарова құттықтады. Көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін көп рахмет айтамын. барлығы жылы сөздерін жазып, құттықтап, ықылас білдіріп жатыр. Бәріне алғыс айтамын және өте қуаныштымын", - дейді жас спортшы Руфина.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!