Рикарду Алвеш: «Ресейде Қазақстанға қарағанда жақсы стадиондар көп»

Маргулан Жакып
21.07.2021
09:02
Новость
Футбол

Алматылық  «Қайраттың» жаңа жартылай қорғаушысы Рикарду Алвеш клубтағы алғашқы күндері жайлы айтып берді және РПЛ мен ҚПЛ-ді салыстырды.

– Мені мұнда бірінші күннен-ақ жақсы қарсы алды. Мен Қазақстанның ең үлкен клубында жүргеніме қуаныштымын, бұл менің мансабым үшін үлкен қадам. Маған менің командадағы алғашқы португалдық ойыншы екенімді айтты, мен енді осыны мақтан тұтамын. Енді маған өзім жүрген клуб пен елдің атын шығару үшін тынбай еңбектеніп, нәтиже көрсету қажет.

– РПЛ-де ойнадың. Біздің чемпионаттарда қандай ұқсастықтарды атап өтер едің?

– Әзірге Қазақстан чемпионатында ойын ойнауға мүмкіндігім болмады, бірақ көргенімді ескере отырып, чемпионаттарда ұқсастықтар бар деп ойлаймын. Айырмашылықтардың бірі Ресейде Қазақстанға қарағанда жақсы стадиондар көп деп санаймын. Бұл жерде мен біздің стадионды және тағы да екі қарсылас стадионын бөліп көрсете аламын.

– РПЛ-же жүргеніңде орыс тілін үйрене алдың ба? Мүмкін бұл бейімделуге көмектесіп қалар.

– Иә, бұл көп көмектеседі. Орыс тілінде өте аз сөйлеймін, бірақ маған айттылғанның шамамен бәрін түсінемін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.