Рекордтық көрсеткіш. Токиода ел намысын қорғайтын паралимпиадашылардың тізімі жарияланды

Маргулан Жакып
21.07.2021
16:29
Новость
Другие

Қазақстанның Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан намысын жеті спорт түрінен 25 спортшы қорғайды. Бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Осыған дейін ел атынан 20-дан астам спортшы мұндай дүбірлі додаға қатыспаған. 

1996 жылы Атлантадағы турнирге 12 паралимпиадашы қатысса, 2000 жылы Сиднейге – екеу, 2004 жылы Афинаға – сегіз, 2008 жылы Пекинге – үш, 2012 жылы Лондонға – жеті, 2016 жылы Риоға он спортшы барды.

Токиода ел намысын қорғайтын 25 спортшы төмендегідей:

Жүзу:

1. Нұрдәулет Жұмағали.

2. Нұрәлі Советқанов.

3. Сиязбек Далиев.

4. Ержан Сәлімгереев.

5. Зульфия Габидулина.

6. Роман Агалаков.

7. Әлия Рахимбекова.

Жеңіл атлетика:

1. Дастан Мукашбеков.

2. Салтанат Әбілқасымқызы.

Дзюдо:

1. Жанбота Аманжол.

2. Зарина Байбатина.

3. Теміржан Дәулет.

4. Даяна Федосова.

5. Ануар Сариев.

6. Ғалымжан Смағұлұлы.

Каноэ:

1. Бейбарыс Спатай.

Таеквондо:

1. Нұрлан Домбаев.

2. Нышан Өмірәлі.

3. Камила Досмолова.

Пауэрлифтинг:

1. Давид Дегтярев.

2. Раушан Қойшыбаева.

3. Рахмеджан Хамаев.

4. Гүлбану Әбдіхалықова.

5. Алина Солодухина.

6. Айсұлу Жұмабаева.

Пара атыс:

1. Айсұлу Жұмабаева.  

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.