Рамос «Реалда» қалуы үшін бәріне дайын, бірақ Перес үнсіз

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
10:29
Новость
Футбол
Рамос «Реалда» қалуы үшін бәріне дайын, бірақ Перес үнсіз

Мадридтік «Реалдың» капитаны Серхио Рамос өз клубында қалу үшін барлық шарттарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Үш аптадан соң Рамостың келісімшарт мерзімі аяқталып, ол еркін агент атанады. Соңғы айларда екі жақ келісімшарт жайында күрделі келіссөздер жүргізді, дегенмен әлі бір шешімге келе алмауда.

О баста Рамос қазіргі жалақысын сақтай отыра екі жыл келісімшарт беруін сұраған, ол кезде клуб президенті Флорентино Перес капитанға 10% аз жалақымен тек бір жылдық келісімшарт ұсынуға дайын екендігін жеткізген.

Капитан алдымен дегенінен қайтпай, бұл ұсыныстан бас тартты, алайда кейіннен бір жылдық келісімшартқа көнген. Ал қазір Серхио жалақысының төмендеуіне де қарсы еместігін жеткізді. Оның қалағаны біреу — «Реалда» қалу және дәл осы жерде өз мансабын аяқтау. Бұл жайлы испандық Marca мен AS басылымдары жазып отыр.

Декреккөздерге сүйенсек, қазіргі уақытта Рамос Флорентино Перестен хабар күтуде және оның бүкіл шарттарына келісуге дайын, бірақ клуб президенті бірінші қадам жасауға асығар емес.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.