Рамазан Оразов ресейлік «Чайкадан» кетті

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
15:03
Новость
Футбол
Рамазан Оразов ресейлік «Чайкадан» кетті

Ресейлік «Чайка» 23 жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың командадан кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Рамазан Оразов «Чайка» сапына 2020 жылдың тамызында  Латвияның «БФК Даугава» командасынан келген болатын. Ресейлік клуб сапында барлығы 12 матчқа қатысып 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Қазақстандық футболшының командасы «Чайка» биылғы маусымда ФНЛ-ды 12-ші орынмен аяқтады.

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Қайрат» пен латвиялық «Даугава» командаларында ойнаған. Ағымдағы жылдың наурыз айында Оразов Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алып, Украинаға қарсы ойында (1:1) өзінің құрамадағы алғашқы ойынын өткізді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.