
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Путинцева үшінші айналымда әлемнің 13-ші ракеткасы испандық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Бірінші сет - 0:6 есебімен Мугурусаның пайдасына шешілді. Екінші сетте есеп 2:2 боп тұрғанда Мугуруса ойынды жарақатына байланысты аяқтауға мәжбүр болды.
Матч 1 сағат 1 минутта бітті. Ойын барысында қос теннисші бір эйстен жасады. Испандық доп беру кезінде үш рет, ал отандасымыз екі рет қателесті.
Юлия келесі ойынын Данка Ковинич (Черногория) - Петра Квитова (Чехия) жұбының жеңімпазына қарсы өткізеді.
Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.