Попко Финляндиядағы доданың ширек финалына жолдама алды

Маргулан Жакып
21.07.2021
20:15
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (187) Финляндияда өтіп жатқан Tampere Open додасының 1/8 финалында жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

1 сағат 57 минутқа жалғасқан ойында Попко алты эйс жасап, бір мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған 12 брейкпойнттың төртеуін іске асырып, бразилиялық Орландо Лужды (311) тізе бүктірді.

Орландо Луж (Бразилия) – Дмитрий Попко (Қазақстан) – 0:2 (6:7 (5:7), 5:7)

Попко ширек финалда Ботик Ван де Зандшульп (Нидерланд) – Педжа Крштин (Сербия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.