Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

ҚПЛ үшінші турының үздік ойыншыларынан құрылған символикалық құрам жарияланды

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
18:53
Новость
Футбол
ҚПЛ үшінші турының үздік ойыншыларынан құрылған символикалық құрам жарияланды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының 3-ші тур үздіктерінің құрамасын назарларыңызға ұсынады.

Турдың үздік командасы ПФЛК серіктесі InStat компаниясының матчтарға жасаған статистикалық талдауларының негізінде жасақталды. Құрамды анықтау кезінде ойыншының тек жалпы индексі ғана емес, өз позицияларына тән әртүрлі шешуші көрсеткіштері де ескерілді.

Турдың үздік 11 ойыншысының тізімі мынадай: 

Қақпашы: Марко Милошевич, «Каспий»;

«Каспий» қақпасын күзеткен Милошевич талдықорғандық «Жетісуға» (2:0) қарсы мықты ойын өткізді. Милошевич 3 соққыға тойтарыс берді, олардың екеуі — сейвтерге жатады. Марко сонымен қатар бір рет қақпадан сәтті шығып ойнады. Қақпашы үшін ең маңыздысы – құрғақ матч өткізу, ол ақтаулық ұжымның қақпашысының қолынан келді. Әрекеттер индексі – 255.

Оң жақ қорғаушы: Елдар Абдрахманов, «Ақжайық»;

Тәжірибелі қорғаушы «Ордабасымен» (1:2) өткен матчта керемет ойнады. Абдрахманов 5 мәрте допты таза алып қойды және 4 рет қарсыластың шабуылын тоқтатты. қорғаныста болған допқа таласты 100% өз пайдасына шешті. Дриблинг жағынан лигадағы мықтылардың бірі Рубен Бриджидоға дегенін жастпады. Әрекеттер индексі – 263.

Орталық қорғаушылар: Александар Симчевич, «Ордабасы»; Жарко Томашевич, «Астана»;

«Ордабасының» тәжірибелі қорғаушысы Александр Симчевич қатарынан екінші сапалы ойынын өткізді. Серб қорғаныста допқа таластың 85%-ын өз пайдасына шешіп, 6 рет допты қарсыластарынан тартып алды. Пас берудегі дәлдігі де тамаша – берген пастарының 111-і діттеген нысынаға барған (96% дәлдік). Әрекеттер индексі – 285.

Статистикаға сүйенсек Томашевич «Тобылға» (1:1) қарсы матчта қорғаныста допқа таластың 75%-ын жеңген. Сонымен қатар «Астана» ойыншысы 8 рет қарсыластардың шабуылын үзген. Ойын аяғына таяғанда Томашевич баспен гол соғып өз командасын жеңілістен құтқарды. Әрекеттер индексі – 336.

Сол жақ қорғаушы: Мақсат Тайкенов, «Каспий»;

Ақтау футболының түлегі «Жетісуға» қарсы матчта шабуылда да, қорғаныста да керемет ойын көрсетті. Тайкенов «Каспийдің» шабуылдарын сенімді қуаттады және жекелей қасиеттерінің арқасында қарсыластарына қысым жасады. Ол қарсы команда ойыншыларын 7 рет алдап өтті, 2 шешуші пас, оның ішінде 1 голдық паспен көзге түсті. Әрекеттер индексі – 259.

Артқы жартылай қорғаушы: Стефан Букорац, «Каспий»;

Букорац тіреуші аймақты «Жетісуға» (2:0) қарсы матчта өз бақылауында ұстады. Допты алып қоюда 8 мүмкіндіктің алтауын сәтті жүзеге асырды. Стефан өз командасының қорғаушыларына уақытылы көмектесіп отырды және қорғаныстағы 71% допқа таласта сәтті қимылдады. Футболшының еншісінде екі шешуші пас та бар. Әрекеттер индексі – 281.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Еркебұлан Тұңғышбаев, «Ордабасы»;

Тұңғышбаев «Ақжайықпен» болған ойында алаңға қосалқы құрамнан шығып, командасының шабуылдар сапасын жақсарта алды. Ойыншының белсенділігі екі рет қарсыласын айналып өту және біреуі голға айналған екі соққысы кезінде байқалды. Еркебұланның қосымша уақытта соққан голы командасына жеңіс алып келді. Әрекеттер индексі – 300.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Дарко Зорич, «Қызыл-Жар СК»;

«Қызыл-Жардың» қазіргі сәттегі шабуылдағы ең басты ойыншысы балкандық Дарко Зорич. Өз алаңында «Шахтермен» (2:0) болған ойында Зорич 5 рет қарсыластарын сәтті айналып өткен және айып алаңына 6 пас шығарған. Оның белсенділігі голмен дәлелденді. Әрекеттер индексі – 277.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Руслан Валиуллин, «Тобыл»;

Валиуллин жаңа маусым басында тұрақтылығын танытуда. Өткен турда Русланда: допты 2 рет таза алып қою, 9 рет қарсылас шабуылын тоқтату болды. «Тобылдың» латералі шабуылда да пайдалы болды, 4 рет қарсыласын пайдалы айналып өтті және айып алаңына 3 дәл пас жеткізді. Әрекеттер индексі – 262.

Шабуылшылар: Жоао Пауло, «Ордабасы»; Хосе Канте, «Қайрат»;

Шымкенттік команданың ең қауіпті ойыншысы оралдық «Ақжайықпен» (2:1) өткен ойында, әдеттегідей, белсенді болды. Жоао жиі-жиі қақпаны алыстан нысанаға алды, бірақ голды пенальтиден соқты. Бразилиялық жалпы саны 9 рет қарсылас қақпасына соққы бағыттаған, сонымен қатар айып алаңына 7 пас берген. Әрекеттер индексі – 237.

«Қайраттың» жаңа шабуылшысының алғышқы ойынын жарқын өткізгендігі алматылық қана емес, «Тараз» жанкүйерлерінің де есінде көпке дейін сақталатын секілді. Канте шабуылда белсенді болды және гол+пас жүйесі бойынша екі ұпай жинады. Алдымен жойқын соққысымен қақпа торын тулатса, артынан голдық пас беріп Вагнер Лавтың да көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Әрекеттер индексі – 259.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги: