«Пайдама жарады». Кебіспаев Токио Олимпиадасынан тыс қалуы туралы

Маргулан Жакып
14.10.2021
13:30
Новость
Единоборства

Грек-рим күресінен бес дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комиеттің баспасөз қызметіне берген сұхбатында Олимпиададан тыс қалуы туралы айтып берді.

— Алмат, Әлем чемпионатынан бұрын, Токио Олимпиадасы туралы пікіріңізді білсек деп едік. Қатарынан екі Олимпиадаға қатысып, үшінші ойыннан сырт қалу қаншалықты қиын болды?

— Бұл да менің пайдама жараған уақыт болды. Лицензиядан қағылған соң, өзіме демалыс жарияладым. Ауылға барып, атқа мініп, ата-анам мен бауырларымның қасында болдым. Маған дәл осындай үзіліс керек еді. Алакөлге барып, отбасыммен тынықтым. Әрине, жаттығуды үзген жоқпын. Күніне бір рет дайындалып тұрдым. Олимпиадаға дайындық барысында алған жарақаттарымды емдедім. Шыны керек, мен үшін тиімді өтті бәрі. Миым тынықты. Бұлшықеттерім де күресті сағынып қалыпты. Мүмкін, әлем чемпионатындағы бесінші медалімді алуға осылай алаңсыз демалғанымның әсері тиген шығар. Бәрі бір-бірімен байланысты ғой... Үлкен спортта жүрген соң жанкүйерді жерге қаратқың келмейді. Ата-анаң, туыстарың, өсіп келе жатқан бала-шағаң, бәрі саған үмітпен қарайды. Соларды қуанту үшін де бір сәт тоқтағың келмейді. Токио алдындағы сәтсіздіктен соң маған осы жайттар жігер берді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!