Қос балуанымыз Будапешттегі Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді

Маргулан Жакып
21.07.2021
09:31
Новость
Единоборства

Еркін күрестен Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны қос медальмен толықты.

55 келіде белдескен Нұрланбек Әбдінұр финалда ресейлік Могамед Байтукаевпен кездесті. 

Тартысты белдесуде 4:3 есебімен ресейлік балуанның асығы алшысынан түсіп кетті. 

Ал 48 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрданат Айтанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.