«Ордабасы» Тәжікстан құрамасының ойыншысымен толықты

Маргулан Жакып
21.07.2021
14:07
Новость
Футбол

«Ордабасы» футбол клубы Тәжікстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Мухаммаджон Рахимовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Рахимов мансабын тәжікстандық «Баркчи» клубында бастаған. Кейіннен «Хосилот» сапында ойнады. 2017 жылдан бері елдің белді клубы «Истиклолда» доп тепті, командада барлығы 57 ойын өткізіп, 13 гол соққан.

2017, 2018, 2019 жылдары  Тәжікстан чемпионы атанды. Сонымен қатар AFC Cup-тың 2017 жылғы күміс жүлдегері. 2018, 2019 жылдардағы Тәжікстан Кубогінде топ жарған. Сондай-ақ Тәжікстан Суперкубогінің иегері.

Тәжікстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2016 жылы өткізген. Елдің бас командасының құрамында 32 кездесу өткізіп, бір гол соққан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.