Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Оразовтың «Чайкасы» «Оренбургтан» жауапсыз үш гол жіберді

Маргулан Жакып
07/04/2021
20:51
Новость
Футбол

Ресей ұлттық футбол лигасының (ФНЛ) 35-турында қазақстандық Рамазан Оразоы ойнайтын «Чайка» «Оренбургқа» қонаққа барып, 3:0 есебімен ойсырай ұтылды.

Турнир фавориттерінің біріне қарсы бірінші таймда жақсы ойнаған «Чайка» екінші таймда үш бірдей гол жіберіп алды. 74 минутта Максим Палиенко есеп ашса, 90+2, 90+4 минуттарда Николай Прудников дубль жасап, таблодағы есепті 3:0-ге жеткізді.

Ал Рамазан болса, ойынды қосалқы құрамда бастап, 80 минутта Игорь Безденежныхтың орнына алмасып шықты. Бірақ нәтижелілігімен көзге түсе алмады. 

ҰФЛ (ФНЛ). 35-тур

«Оренбург» – «Чайка» – 3:0 (0:0)

Голдар: Палиенко (74), Прудников (90+2, 90+4)

35-турдан кейін «Оренбург» 73 ұпаймен екінші сатыға жайғасса, «Чайка» 46 ұпаймен 13-орында келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи