Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Олжас Сырлыбай да алғашқы айналымнан аса алмады

Наурызбай Сатжанов
09/04/2021
12:39
Новость
Единоборства

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан командасы екі жолдамадан қағылды деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас бірінші белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Сейол Лиден ұтылды. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды кореялық спортшы иеленді. Күрес ережесі бойынша белдесу тең аяқталған жағдайда жеңіс соңғы ұпайды иеленген балуанға беріледі. 

Осылайша, бұл салмақтағы жолдама біздің балуандарға бұйырған жоқ. Олимпиада лицензиясы финалға шыққан балуандарға беріледі. Бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мейіржан Шермаханбет алғашқы айналымда ұтылған болатын.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.