Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Олжас Сырлыбай: «Алдағы жарыстарда өз шеберлігімді көрсетемін»

Наурызбай Сатжанов
09/04/2021
12:55
Новость
Единоборства
Олжас Сырлыбай: «Алдағы жарыстарда өз шеберлігімді көрсетемін»

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу турнирінде грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Олжас Сырлыбай Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, жеңілісінің себебін түсіндірді. 

«Шынымды айтсам, не айтарымды да білмей тұрмын. Қарсыласым айтарлықтай қарымды емес. Көбіне тік тұрып белдесетін балуан екен. Өкінішке қарай, оны жеңе алмай, тең есеп нәтижесімен ұтылып қалдым. Бұрын-соңды онымен кездесіп көрмегем. Жеребе тарту рәсімінен соң қарсыласымның белдесулерін видеодан тамашаладым. 

Мұнымен тоқтап қалмаймын. Алдағы жарыстарда өзімді көрсететінім анық. Енді Болгарияда өтетін соңғы іріктеу айналымына бапкерлер мені апармайтын шығар. Бұл салмақтағы бірінші нөмірлі спортшы Ерұлан Ысқақов барады деп ойлаймын», - дейді Олжас. 

Айта кетейік, Олжас Сырлыбай бірінші белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Сейол Лиден жеңілді.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.