Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Олимпиадаға іріктеу турнирі: Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

Наурызбай Сатжанов
09/04/2021
12:50
Новость
Единоборства
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирін қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов жеңіспен бастады деп жазады Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Тұрсынов алғашқы айналымда жапониялық Масато Сумимен кездескен болатын. Тартысты белдесуде 5:3 есебімен Нұрсұлтан жеңіске жетті. 

Бұған дейін 67 және 97 келіге дейінгі салмақтарда белдескен Мейіржан Шермаханбет пен Олжас Сырлыбай жеңіліске ұшыраған болатын. 

Алматыдағы іріктеу турнирінде финалға шыққан балуандар Токио Олимпиадасының жолдамасын еншілейді.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.