«Олимп-Долгопрудный» Бахтияровтың қызыл қағаз алғанына қарамастан, бір ұпайға ие болды

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
20:31
Новость
Футбол

«Олимп-Долгопрудный» ФНЛ-дің 17-турында «Томь» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.

«Томь» (Томск, Ресей) - «Олимп-Долгопрудный» (Ресей) - 1:1

Голдар: Александр Ставпец 39 (пенальти) - Кирилл Большаков 64

Қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров алаңға негізгі құрамда шықты, бірақ матчтың 38-минутында ойыншы өзінің айып алаңында ереже бұзып, сары қағаз алды. Және қарсылас осы сәтте белгіленген пенальтиді сәтті орындады. Үш минуттан кейін Бахтияров тағы бір ескерту алып, алаңнан қуылды.

17 турдан кейін «Олимп-Долгопрудный» 21 ұпаймен турнир кестесінде 11-ші орынға тұрақтады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!