Олег Недашковский: «Біз әр кездесуде жеңіске жетуді қалаймыз»

Ернар Ламкадыров
14.09.2021
16:08
Новость
Футбол

«Қайрат-Мәскеу» клубының бас бапкерінің көмекшісі Олег Недашковский «Читамен» болған ойын туралы пікір білдірді.

- Олег Олегұлы, бүгінгі ойын туралы пікіріңіз.

- Ойын өте қиын болды. Бұл біз үшін оңай бооған жоқ, мұнда ұшып келу де қиынға соқты. Жігіттерге өздерінің адалдықтары үшін, бүгін бар күштерін салғандары үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Мен оларға ризамын.

- Сіздің жігіттер өте жігерлі, тіпті аздап агрессивті болып көрінді, бұл немен байланысты?

- Біз әр кездесуде жеңіске жетуді қалаймыз. Бұл біздің ойын стиліміз. Барлығы бізді қатты ойнайды деп ойлайды, бірақ біз агрессивті футбол көрсетеміз.

- Алыс қашықтық матчқа әсер етті ме?

- Мен шағым айтқым келмейді, бізде бәрі жақсы. Жігіттер бұған шыдады, мен оларға тағы да рахмет айтқым келеді.

- «Қайрат Мәскеу» футбол клубының мақсаттары қандай?

- Біздің мақсат белгілі - ФНЛ-ге жолдама алу. Біз тек жоғары мақсаттар мен міндеттерді шешкіміз келеді

- Кездесудің басында капитаныңызбен жағымсыз жағдай болды, осы туралы не айтасыз?

- Ол есін жоғалтпады, бір жері сынған сияқты, аузынан қан ақты. Бірақ қазір бәрі жақсы. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!