«Ол менің ағам». Жәнібек Әлімханұлы неліктен Головкинмен жұдырықтаспайтыны жайлы

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
11:25
Новость

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) осы салмақта жұдырықтасатын екінші бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шықпайтынын айтты. 

Әлімханұлы Головкинді үлкен ағасы екенін атап өтті. Ал Қазақстанда үлкендерді құрметтеу - дәстүр екенін мәлімдеді. 

«Жанкүйерлер менен неге Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырмайсың деп сұрап жатады. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек. Бұл біздің дәстүр. Мүмкін кейбір жанкүйерлер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді сыйлау керек екенін бәрі біледі. Бұл қазақ стилі», - деп жазды Әлімханұлы өзінің твиттер парақшасында. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!