Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында көкшетаулық «Оқжетпес» қырғызстандық «Алаймен» тең түсті.
Қарсыластар бір-бірінің қақпа саңлауларын таба алған жоқ. Бірақ алғашқы таймда «Алай» қақпасына пенальти белгіленді, алайда қақпашы кедергі болып, «Оқжетпес» ойыншысы гол соға алмай қалды.
«Алай» төрт мәрте (2013, 2015-2017) Қырғызстан чемпионатында жеңіске жеткен. Сонымен қатар екі дүркін (2013, 2020) Қырғызстан Кубогінде топ жарған.
Көкшетаулықтар соңғы жолдастық кездесулерінде украиналық «Оболонь» клубын 1:0 есебімен жеңгее еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.