Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Неге «Канелоны» нокаутқа жібермеске?» Альварестің түркиялық қарсыласы өзін GGG-мен салыстырды

«Неге «Канелоны» нокаутқа жібермеске?» Альварестің түркиялық қарсыласы өзін GGG-мен салыстырды

Түркиялық боксшы Авни Йылдырым өзінің 27 ақпанда болатын мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегі «Канело» мен Геннадий Головкин арасындағы кездесуді еске түсіретінін айтады.

Қазақстан уақыты бойынша 28 ақпан таңертең қос былғары қолғап шебері Майамидегі Hard Rock стадионында жұдырықтасады. «Канело» бұл жекпе-жекке орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін қорғау үшін шығатын болады. Сонымен қатар мексикандық боксшы осы салмақтағы WBA Super белбеуін де бәске қойып отыр. 

— Мен өзіме сенемін. «Канелоның» GGG-мен өткізген екі кездесуін де қарап шықтым. Менің ойымша, алдағы жекпе-жек олардың бірінші кездесуіне ұқсас болады. Оны нокаутқа жіберуге күшің жетеді ме дейсіз бе? Неге оны нокаутпен жеңбеске, сенбіні күтейік. Не болары бір Құдайға ғана мәлім. Бұл мен және менің елім үшін үлкен мүмкіндік, — деді Йылдырым Fino Boxing басылымына берген сұхбатында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0