Недовесов Словакиядағы турнирдің финалына шықты

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
18:00
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясы турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды.

Олар жартылай финалда Бразилия өкілдері Рафаэль Матос пен Орландо Луждан 2:0 есебімен басым түсті.

Александр Недовесов (Қазақстан)/Денис Молчанов (Украина) — Рафаэль Матос/Орландо Луждан (екеуі де — Бразилия) — 2:0 (6:4, 6:4)

1 сағат 8 минутта аяқталған матчта Недовесов/Молчанов жұбы үш эйс жасады, доп беру кезінде бір рет қателесті және екі брейк-пойнтты жүзеге асырды. Ал олардың қарсыластары үш эйс жасады, доп беруде екі рет қателесті.

Недовесов пен Молчанов ақтық сында Малик Жазира/Блаж Рол немесе Сандер Арендс/Луис Давид Мартинес жұбымен күш сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.