Наталья Рогозина мен Марина Мороз қазақстандық боксшы Анджелина Лукасты қолдады

Ернар Ламкадыров
11.09.2021
14:51
Новость

Украиналық спортшы Марина Мороз елдің әйелдер құрамасындағы мәселелерді айтқан қазақстандық боксшы Анджелина Лукасты қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін Лукас Қазақстан президентіне жүгініп, командада жағдайдың нашар екенін айтып, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды допинг қолданды деп айыптады.

Сондай-ақ оның айтуынша, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев оны Қазақстан құрамасынан заңсыз шығарған. Осыдан кейін Лукастың ісін Мәдениет министрлігі өз қолына алды.

Анжелинаны бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, Қазақстан тумасы Наталья Рагозина да қолдады.

«Бұл недеген шектен шыққандық! Мен жақында үйге, Қазақстанға келуді жоспарлап отырмын, сенімен жолығып, жағдайды тексеремін. Мен сенің жаныңдамын. Мен қыздарды ренжітуге жол бермеймін» - деп жазды Рагозина.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында Лукастың жанжалды мәлімдемелерінен кейін жаттықтырушы ауысқан еді. Дәл осындай жағдай ерлер құрамасында да болды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!