Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Нұрбек Қарағұлов Венгриямен өткен ойын жайлы ойымен бөлісті

Маргулан Жакып
07/04/2021
15:37
Новость
Футбол

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұрбек Қарағұлов ЕУРО-2022 іріктеу кезеңі аясындағы Венгриямен өткен ойын жайлы пікір білдірді.

«Ойын біз ойлағандай керемет болды, жеңіске жеттік. Матчтан алған әсерім ерекше. Өйткені дебюттік кездесуім десе де болады. Осыған дейін екі рет шақырту алдым, бірақ ойынға қатыспадым. Осы жолы алаңға шығып, өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Еуропа чемпионатына үшінші рет шығып отырмыз. Тарихи ойынға қатысып, құраманың жеңіске жетуіне үлес қосқаныма ризамын. Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы маңызды. Қазақстанға сеніңіздер. Бұйыртса Еуропа чемпионы боламыз деп ойлаймын», – деді Нұрбек Қарағұлов.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Недавние статьи