ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Мирас Тұрлыбек: «Шотландияны жеңу үшін бар күшімізді саламыз»

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек Қырғызстанмен өткен жолдастық ойынның нәтижесін (2:0) қорытындылады.

- Допты ұстап, ойынды толықтай бақыладық. Бүгін гол соғып, жеңіске жетуге көмектескенім үшін қуаныштымын.

- Шотландиямен ойын алдында бүгінгі жолдастық матчтың маңыздылығы қаншалықты болды?

- Алдағы ойын үшін дайындықтың маңызы зор. Келесі кездесуде пайдаға жарайтын кейбір комбинацияларды қолданып көрдік.

- Келесі қарсылас Шотландия құрамасы туралы не ойлайсың?

- Шотландиямен өтетін ойынға баса назар аударамыз. Салмақты дайындық жүргізіп, соның нәтижесін көреміз деген үміт бар. Жігіттердің барлығы жеңіске жету үшін жүз пайыз күш-жігерін салады.

- Команданың қазіргі көңіл-күйі қалай?

- Керемет көңіл-күй қалыптасқан. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бізде барлығы жақсы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!