Мессиге 60 мың еуроға дейінгі айыппұл салынуы мүмкін

Маргулан Жакып
05/05/2021
12:37
Новость
Футбол

Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге мадридтік «Атлетикомен» матч алдында команда ойыншыларына кешкі ас ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады Ok Diario.

Аргентиналық форвардқа Каталонияда 8 мамырға дейінгі карантин талаптарын қатаң бұзып, бір отбасына жатпайтын алты адамнан артық жинағаны үшін  3001 еуродан 60 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. 

Бірақ каталондық клубтың басшылығы карантин талаптары бұзылмай, қонақтар әлеуметтік ара-қашықтықты сақтады деп отыр. Ендігі кезекте Ла Лига осы іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.