«Мен туралы әлі естисіз». Вагнер Лав алдағы жоспарымен бөлісіп, ҚПЛ-дің әлеуетіне қатысты да пікір білдірді

Маргулан Жакып
24.11.2021
18:03
Новость
Футбол

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав «Базельге» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

— Қазақстанда өнер көрсету кезіндегі өзіңіз үшін басты сәт қандай болды?

— Мені «Қайрат» пен Қазақстанда жылы қабылдады. Мен үшін «Қайрат» формасында өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізу өте жақсы сезім қалдырды. Мен әрқашан команда үшін барымды салуға тырыстым.

— Сіз 24 гол соқтыңыз. Соның қайсысы ең сүйікті голыңыз?

— Бірінші кезекте осынша гол соға алғаныма қуаныштымын. Ең маңызды голды біз чемпион болған кезде, «Ордабасы» қақпасына соқтым деп есептеймін.

— Сізді болашақта қайдан көреміз?

— Бапкерге жылы сөздері үшін алғыс айтқым келеді. Онымен жұмыс істеу мен үшін жағымды және қызықты болды. Ол футболды өте жақсы түсінеді және ойыншылар күн сайын одан жаңа нәрсе үйренуде. Егер Құрбан Бекиұлы қалса, клубтың алға жылжитынына сенімдімін.

Иә, маған бірнеше клуб шықты. Әзірше Бразилияға оралып, балаларыммен және анаммен бірге болғым келеді. Сіз мен туралы әлі естисіз. Әлі де футбол ойнауға ниеттімін.

— Қазақстан Премьер-лигасын қалай сипаттар едіңіз?

— Лиганың әлеуеті бар екенін көріп отырмын. Менің ойымша, Федерация көбірек ықпал етіп, инфрақұрылымды, алаңдарды жақсарту керек. Қазақстандық футбол сапалы дүниеге лайықты деп есептеймін. 

— Бала кезіңізде кімге еліктедіңіз және «Копакабанда» ойнадыңыз ба?

— Мен ол жерде ешқашан ойнаған емеспін. Менде ол жаққа баруға мүмкіндігім де, ақшам да болмады (күледі). Жай ғана көшеде жалаң аяқ ойнадым. Ромариоға еліктедім.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!