«Медаль үшін күресеміз». Қазақстандық шорт-трек шебері Олимпиадаға дайындық туралы

Маргулан Жакып
14.10.2021
11:36
Новость
Другие

Шорт-тректен Қазақстан командасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жақын арада жаңа маусымдағы алғашқы жарыс – Бейжіңдегі Әлем кубогі кезеңі өтеді. Команда мүшесі Еркебұлан Шамұханов спортшылардың дайындығын сөз етті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Өзімді өте жақсы сезінудемін. Әлем кубогіне толық дайынмын. Қыркүйек айында іріктеу өтіп, олимпиадалық команда жасақталды. Бапкерлер біздің дайындығымызға бар күшін салып жатыр. Спортшылар да өзара тату. 

Көктемнен бері Ресейде дайындалдық. Көрші елде барлық жағдай жасалған. Соның арқасында біз қазір бабымызға ендік. Бейжің ойындары менің мансабымдағы екінші Олимпиада. Әр спортшы секілді ме де Олимпиададан медаль алуды армандаймын. Сондықтан бар күшімді жинап, төртжылдық додасына дайындалып жатырмын. 

Дәл қазір шорт-тректегі бәсекелестік артты. Еуропа елдерінің де қарқыны қатты. Негізгі үздіктер санатында Қытай, Корея секілді азиялық елдер қала береді. Бәсекелестік жоғары. Десе де, медаль үшін күресу керек», — дейді Еркебұлан. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!