«Манчестер Сити» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты

Маргулан Жакып
05/05/2021
09:04
Новость
Футбол

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық қарымта матчында «Манчестер Сити» өз алаңында ПСЖ-ға жауапсыз екі гол соғып, финалға жолдама алды.

11 минутта Рияд Марез алаң иелерін алға шығарса, 63 минутта Марез екінші голын соғып, дубль авторы атанып, текетірестің нүктесін қойды.

ЧЛ. Жартылай финал. Қарымта кездесу

«Манчестер Сити» (Англия) – ПСЖ (Франция) – 2:0 (1:0)

Голдар: Марез (11, 63)

Алаңнан қуылды: Ди Мария (69)

Алғашқы ойын: 2:1

Осылайша «қалалықтар» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. Ал «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола жаттықтырушы ретінде финалда үшінші мәрте «қалқаң құлақ» кубокқа таласады. Соңғы рет 2011 жылы «Барселонамен» чемпион атанған еді.

Гвардиола шәкірттерінің финалдағы қарсыласы «Челси» – «Реал Мадрид» жұбының жеңімпазы болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.