Мұртазаевтың «Балтикасы» өз алаңында аутсайдерге жеңіліп қалды

Маргулан Жакып
14.10.2021
13:04
Новость
Футбол

Футболдан Ресейдің екінші дәрежелі чемпионаты саналатын ФНЛ-дің 17-турында «Балтика» өз алаңында «Волгарьді» қабылдап, жеңіліс тапты.

Қос тарап алғашқы таймда бірде-бір гол соға алмағанымен, екінші 45 минуттықта «Волгарь» екі бірдей гол соғып, кішігірім сенсация жасап кетті. 

ФНЛ. 17-тур

«Балтика» — «Волгарь» 0:2 (0:0)

Голдар: Симоян (59, 77)

«Балтика» сапында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Роман Мұртазаев матчты қосалқы құрамда бастап, 69 минутта әріптесінің орнына жасыл алаңға шықты. Бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!