Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Мұртазаев Еуропаға жасаған сәтсіз жорығынан соң «Астанаға» қайта оралды

Наурызбай Сатжанов
23/02/2021
11:59
Новость
Футбол
Мұртазаев Еуропаға жасаған сәтсіз жорығынан соң «Астанаға» қайта оралды

Роман Мұртазаев құрамында 130-дан аса матч өткізіп 26 гол соққан «Астана» футбол клубына қайта оралды. Бұл туралы Роман «Астаны» ФК баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді.

— «Астанаға» қайта оралғаныма қуаныштымын, мен бұл жерде мансабымның қызықты да жемісті үш жылын өткіздім. Ол уақытта мен және менің отбасым клубта да қалада да өзімізді жайлы сезіндік, елордалық жанкүйерлердің ықыласы мен қолдауын әрдайым сезіндім. Осы жылы сезімдер мені клубқа қайта әкелді десем болады.

Басқа клубтар тарапынан шақырулар болды ма?

— Мені өз қатарынан көргісі келген қазақстандық та, еуропалық та командалар болды, бірақ мен қазір осы жердемін. Сондықтан, оны ашып айтудың керегі жоқ деп ойлаймын. «Астанаға» келуіме ісер еткен факторлардың бірі ретінде бас бапкердің маған қызығушылығы дер едім. Андрей Валерийұлы маған қоңырау соғып командаға келіп, көмектесуімді сұрады. Соынмен қатар, кезінде «Ертіс» сапында бірге ойнаған Давид Лорияның да ықпалы болды. Ол спортшы ретінде әрқашан мақсаты айқын нағыз көшбасшы болатын. Ол қасиеттері оның бойында футболшы мансабын бітірсе де бар екендігіне сенімдімін.

«Астанада» қандай мақсаттарға жеткің келеді?

— Ең алдымен негізгі құрамда ойнау және сол арқылы командаға көмектесу. Егер «Астанада» ойнасам, онда, әрине Қазақстан ұлттық құрамасына оралғым келеді, ол мен үшін әрдайым ойнағым келетін бірінші команда. Бәрі Құдайдың қалауымен, ал маған жаттығуда барымды салып, көбірек матчтарға қатысу керек.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0