«Мұндай құбыжықты жеңетінін елестету де қиын». Сарапшы қазақстандық боксшының қарсыласына баға берді

Маргулан Жакып
21.07.2021
19:13
Новость
Футбол

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі айқасы чемпиондық кездесуге апарар маңызды жекпе-жектің бірі болмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында германиялық leifpm.co спорт порталының шолушысы Лейф Хансман басымдық бар дей тұрғанмен, америкалық Джои Давейкоға (21-8-4, 12 КО) қарсы босаңсуға болмайтынын айтады. 

«Жанды маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Әлбетте оның басымдығы бар. Ол ірірек әрі техникасы да жақсырақ. Қолы ұзын және соққысы да нокаутқа түсіретіндей ауыр. Джои мұндай құбыжықты жеңеді дегенді елестету де қиын. 

Дегенмен рингте оқыс жағдайлар да болады. Қарсыласын менсінбесе Кособуцкиймен де мұндай болуы мүмкін. Алда 12 ранудты жекпе-жек. Бұл кәсіпқойдағы элиталы топқа кіруге бір қадам», – дейді Хансман. 

Айта кетейік, 32 жастағы Жан қарсыласынан бір жас үлкен. Қазақстандықтың бойы 190 сантиметр, ал қарсыласы 12 cантиметрге аласа. 

Еске салайық, о баста Жан Лондонда бірінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілген. Бұл үшін оған екі қарсылас таңдалған болатын. 

Кейінгі рет қазақстандық боксшы осы Гамбургте ақпан айында жұдырықтасып, нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа түсірген. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.