«Тараздың» 23 жастағы қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Қазақстан чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша жамбылдық клубтың ТОП-6 қақпашылар қатарына енді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Мұхаммеджан «Тараз» сапында 2019 жылдың 15 наурызында «Тобылға» қарсы ойында (1:4) дебют жасады. Қақпашы қазір жамбылдық клубта төртінші маусымын өткізуде, бүгінге дейін 57 матчқа қатысып, 73 гол жіберіп алған.
Премьер-лигада «Тараздың» намысын бұған дейін 30 қақпашы қорғаған.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.