Әлия Юсупова: «Алина өз-өзін жеңіп, чемпион атанды»

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
09:06
Новость
Другие
Әлия Юсупова: «Алина өз-өзін жеңіп, чемпион атанды»

Көркем гимнастикадан Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық Алина Әділханова алтын жүлде иеленіп, Токио Олимпиадасына берілетін жалғыз жолдаманы иеленді. Жарыс аяқталған срң ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сұхбат берген команда бас бапкері Әлия Юсупова турнирдің команда үшін оңай соқпағанын, алайда, Әділханова өз-өзін жеңіп, чемпион атанғанын айтты. 

«Шымылдықтың бергі жағында тұрып, спортшыға жанкүйер болу өте қиын. Оның орнына бәрін өзің істеп тұрғандай күй кешесің. Мұндай сезімді бұрын спортшы атанып, кейін бапкерлікке көшкендер ғана түсінетін шығар. Өзім сынға түскенім жақсы еді деп ойлайсың. Алинаға ең бастысы өзін-өзі жеңу қажет еді. Егер өз-өзіңді жеңсең, бәрінен де өтесің деп жиі айтатынмын. Енді Токио лицензиясы қоржынға түскен соң, Олимпиада ойындарына дайындаламыз», — дейді Юсупова. 

Айта кетелік, Алина Әділханова 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.