Клубтың үздік сұрмергені Игорь Сергеев «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
09:19
Новость
Трансферы
Клубтың үздік сұрмергені Игорь Сергеев «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

Өзбекстандық «Пахтакордың» спорттық директоры Джафар Ирисметов «Ақтөбе» клубының шабуылшы Игорь Сергеевті клубқа қайтарғысы келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz, «Championat Asia» порталына сілтеме жасай отырып.

«Иә, біз Сергеевті жазда командаға қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ оның »Ақтөбемен« келісім-шарты бар. Біз жағдайды жіті қадағалап отырамыз. Менің ойымша, Игорь - »Пахтакор« үшін ең қолайлы нұсқа», - деді Ирисметов.

Естеріңізге сала кетсек, Өзбекстан құрамасының шабуылшысы осы маусымда «Ақтөбе» сапында 14 кездесуге қатысып, 7 гол соқты, сондай-ақ 1 голдық пас берген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.