ҚХЛ: «Барыс» ЦСКА командасынан басым түсті

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
09:26
Новость
Хоккей

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізді.

Кездесу барысында ресейлік клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Никита Нестеров 10, Антон Слепышев 12-минуттарда қос шайба соғып кетті.

Екінші кезеңде қазақстандық клуб хоккейшілері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 30-минутында Кёртис Валк есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері алға қарай ұмтылды. Алдымен 41-минутта Якоб Берглунд таразы басын теңестірсе, одан кейін Даррен Диц 42, 43-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал 44-минутта ЦСКА ойыншысы Матвей Гуськов «Барыс» қақпасынан саңылау тапты. Ойынның 50-минутында қазақстандық Әлихан Әсетов басымдықты арттырса, 59-минутта Якуб Лилья қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласын 6:3 есебімен жеңді.

Енді елордалық клуб 16 қыркүйекте сырт айдында Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен кездеседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!