«Хайдуктың» ең қымбат футболшыларының бірі «Тобылға» қарсы ойнамайды

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
17:18
Новость
Футбол

«Slobodna Dalmacija» басылымының мәліметінше, «Хайдуктың» 18 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушысы Стипе Биук Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Тобылмен» болатын алғашқы кездесуге қатыса алмайды. 

«Хайдук» футбол клубының сол жақ жартылай қорғаушысы матч алдындағы жаттығу кезінде бұлшық етін жарақаттап алған. Жарақат соншалықты ауыр емес, дегенмен ойыншының денсаулығын тәуекелге тікпес үшін бапкерлік құрам оны «Тобылға» қарсы ойынға қатысатын ойыншылар тізіміне қоспаған.

Стипе Биук өткен жылда хорват футболындағы жаңа есім болғанын айта кетейік. Жас футболшы өзі қатысқан 11 кездесуде еншісіне үш гол мен бір нәтижелі пас жазған. 

Әйгілі Tranfermarkt порталы футьолшының трансферлік құнын 4 миллион еуроға бағалап отыр. Бұл көрсеткіш жағынан ол командасында екінші орында тұр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.