Кейінге шегерілген «Ордабасы» — «Қызыл-Жар» ойынының өтетін күні анықталды

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
09:38
Новость
Футбол
Кейінге шегерілген «Ордабасы» — «Қызыл-Жар» ойынының өтетін күні анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты шымкенттік «Ордабасы» мен петропавлдық «Қызыл-Жар» арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 1-турының кейінге шегерілген ойынының жаңа мерзімі анықталғаны туралы хабарлайды.

Еске сала кетейік, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 1-турында өтуі тиіс болған «Ордабасы» — «Қызыл-Жар» ойыны Шымкент қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған еді. Футбол клубтарының өзара келісімі бойынша ойын 2021 жылдың 26 тамызына белгіленді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.