Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Ильфат Абдуллин: «Өз нәтижеме көңілім толмайды»

Наурызбай Сатжанов
09/04/2021
09:46
Новость
Другие
Ильфат Абдуллин: «Өз нәтижеме көңілім толмайды»

Садақ атудан Алматыда өткен қысқы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Ильфат Абдуллин Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, карантин кезіндегі және Олимпиада қарсаңындағы дайындығы туралы айтты. 

«Ел чемпионатында алға қойған мақсаттарымның бәрін орындадым. Төрт қашықтық бойынша бірінші орын иелендім. Алайда, бұл нәтижеге көңілім толмайды. Бұрынғы көрсеткіштеріммен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұған ұзақ уақыт бойы жарыстың болмауы, карантин мен ғаламдық пандемия себеп деп ойлаймын. Өйткені, турнир кезінде психологиялық тұрғыдан қиын соқты. Көптен бері жарысқа қатыспағаным қатты сезілген болатын.

Енді жазғы қашықтықта сынға түсуге дайындаламыз. Олимпиадаға дейін бірнеше турнирге қатысып, өзіміздің техникалық мүмкіндіктерімізді тексереміз. Қателіктерді жөндеп, әлі көп жұмыс істеу керек», - дейді Ильфат. 

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин және Санжар Мұсаев 2019 жылғы әлем чемпионатында алтылыққа еніп, Токио ойындарына жолдама алған болатын.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.