Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин 2022 жылғы ITF чемпионы атағын жеңіп алды. Жұптық сайыста ол Тайваньдық Рэй Хомен дуэт құрды.
Финалда Ломакин мен Хо Бенджамин Лок (Зимбабве) / Даниэль Михальски (Польша) жұбымен күш сынасты.
Матч тең дәрежеде өтті. Бірақ бірінші және екінші сеттердің тай-брейктерінде Григорий мен Рэй мықтылығын көрсетті. Ойын 7:6, 7:6 есебімее аяқталды.
Қазақстандық үшін бұл жеңіс ITF сериясындағы 15-ші титулы болды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.