Грек-рим күресінен Ослодағы әлем чемпионатында бұрымды балуандар бақ сынамақ

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
14:16
Новость
Единоборства

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатына қызу дайындалуда. Бұрымды балуандар байрақты бәсеке алдында шеберліктерін шыңдау мақсатында Ресейдің Сочи қаласына аттанды. Дүниежүзілік біріншілің алдында отандық атлеттер біріккен жаттығу жиынына қатысады. 

Бұл дода Қазақстан құрамасы үшін өте жауапты сын болмақ. Себебі, әлем чемпионаты - Олимпиадада ойындарынан кейінгі маңыздылығы жоғары бәсеке. Осыдан бір ай бұрын Токио Олимпиадасында құрама сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдесіз оралған болатын. Әлем чемпионаты жанкүйерлер ренішіне мардымды жауап бере алады ма, оны 2-10 қыркүйек күндері білетін боламыз.

Бас бапкер Нұрлан Аманқосов Ослода өтетін әлем чемпионатына жастарды апаруды жөн көрген. Қатысушылар тізімінде Токио бозкілемінде белдескендерден тек Эльмира Сыздықова ғана бар. Қалғандары жастардан ересектерге енді ауысқан, тіпті, әлі күнге дейін жастар сапында бақ сынайтындар да табылады. Осыған орай, Olympic.kz балуандар тізімне толық тоқталуды жөн көрді. 

Азия чемпионатының қола жүлдегері Асылзат Сағымбай 53 келіде ел намысын қорғайды. 21 жасар Асылзат осыған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып үлгерген. Сондай-ақ, жастар мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы. 57 келіде Қазақстан Айша Уәлиханға жанкүйер болады. 

Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нилуфар Раимоваға көз тігеміз. Нилуфар жақында ғана Уфада жастар арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанған болатын. 

Қазақстан еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін Нилуфардың жас болғанына қарамастан, темірдей жүйкесіне таңданып, күресін ерекше жоғары бағалаған болатын. Раимова соңғы екі жылда ересектер құрамасымен бірге жаттығып жүр. Олимпиада ойындарының алдында ол ұлттық құрама спортшыларымен бірге шеберліктерін шыңдады. Жастар арасында жарқылдаған жас балуан ересектер сапында да ел абыройын асқақтата алады ма? Оны Осло бозкілемі көрсететін болады. 

59 келіде Диана Қаюмова белдессе, 62 келіде Аяулым Қасымова бақ сынайды. Азия чемпионатының күміс жүлдегері Аяулым осыған дейін халықаралық аренада бірнеше жүлдеге ілініп үлгерген. 

Сондай-ақ Айна Теміртасова мен Жамиля Бақбергенова өз салмақ дәрежелері бойынша елімізде бірінші нөмерлі спортшылар болып саналады. Бұл Айна Теміртасованың ересектер сапындағы екінші әлем біріншілігі болмақ. Ол Норвегия бозкілеміне 65 келіде күреседі. Ал Жамиля Бақбергенова 72 келіде бақ сынайды. Ел және құрлықтық чемпионатта топ жарып, жүлдегер атанып жүрген Жамиляның Ослода бағы жанса, ол өзінің жүлделер кестесіне әлем чемпионатының наградасын қосады. Себебі, осы уақытқа дейін әлемдік аренада топ жарып жүрген балуанның биографиясына әлем чемпионатының медалі жетпейді. 

76 келі салмақ дәрежесінде ел үздігі Эльмира Сыздықова кезекті рет әлемді бағындыруға аттанады. Эльмира - құрамадағы өте тәжірибелі балуан. Ол осыған дейін Рио Олимпиадасында жүлдегер атанды, сондай-ақ, ол Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс және үш дүркін қола жүлдегері. 

Ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңін Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, құрама әлем чемпионатына Ресейден аттанады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!