Грек-Рим күресінен ел құрамасы маңызды турнир алданда жаттығу жиындарын өткізуде

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
10:53
Новость
Единоборства
Грек-Рим күресінен ел құрамасы маңызды турнир алданда жаттығу жиындарын өткізуде

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы сәуір айының аяғынан бері оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған жиын Болгарияда өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирінің қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Жиынға жиырмадан аса балуан шақырту алған. 

Олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері де бар. Айта кетелік, Софьяда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Қазақстан атынан Алмат Кебіспаев (67 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) сынға түседі. Турнир 6 мамырда басталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.