Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Голубев пен Недовесов Split Open-нің жұптық сынында ширек финалға өтті

Маргулан Жакып
07/04/2021
18:18
Новость
Теннис

Хорватияда өтіп жатқан Split Open додасының жұптық сынында қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев алғашқы айналымнан сүрінбей етті.

1 сағат 1 минутқа жалғасқан кездесуде қазақстандық жұп екі эйс жасап, бір рет қос қателікке жол беріп, мүмкін болған 11 брейкпойнттың төртеуін іске асырып, хорватиялықтар Карло Кроло мен Лука Микрутты еш қиындықсыз 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Александр Недовесов, Андрей Голубев (екеуі де – Қазақстан) — Карло Кроло, Лука Микрут (екеуі де – Хорватия) — 2:0 (6:1, 6:3)

Жалпы жүлде қоры 44 820 еуроны құрайтын додада қазақстандық жұп бірінші нөмірлі екенін де айта кеткеніміз жөн. 

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.